• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazfootball.kz

    Футболшы Асхат Тағыберген «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тағайындаған «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды. Бұл приз ең әдемі голдың авторына беріледі.

    «Пушкаш» сыйлығына Асхат Тағыбергенмен бірге тағы 10 адам ұсынылып отыр. Олардың арасында «Цинциннати» клубының ойыншысы аргентиналық Альваро Баррель, Мадридтің «Реал» әйелдер командасы мен Колумбия құрамасының шабуылшысы Линда Кайседо, Англияның «Брайтон энд Хоув Альбион» жасағының форварды Хулио Сесар Энсисо (Парагвай), Оңтүстік Кореяның қорғаушысы Кан Сон Чжин, Лондонның «Челси» әйелдер клубы мен Австралия құрамасының шабуылшысы Сэм Керр, Уругвайдың «Пеньяроль» жасағы мен осы елдің бас командасының жартылай қорғаушысы Брайан Лосано, Сан-Паулудың «Ботафаго» командасы мен Бразилияның қорғаушысы Гильерме Миранда Мадруга Гомес, Испанияның «Расинг де Сантандер» мен осы мемлекеттің ұлттық құрамасының хавбегі Иван Моранте, Лиссабонның «Спортинг» клубы мен Португалияның қорғаушысы Нуну Сантуш, Бразилияның әйелдер құрамасының шабуылшысы Беатрис Занератто Жоао бар.

    Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапында 50 рет алаңға шығып, екі рет қақпаны дәл көздеген. Ал клуб сапында ол 2008 жылдан 2023 жылға дейін Қызылорданың «Қайсар», Ақтөбенің «Ақтөбе», Қостанайдың «Тобыл» командаларында ойнаған. Биылдан бастап Тағыберген Шымкенттің «Ордабасы» клубының мүшесі. Осы уақыт аралығында жартылай қорғаушы қарсыластар қақпасына 46 гол салған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by @askhat_tagybergen8

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *