• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    instagram.com/meiirim.nursultanov/

    Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жекпе-жекке шығады (ВИДЕО)

    Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Өзбекстанның Ташкент қаласында Чили елінің былғары қолғап шебері Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады. Кеше олар салмақ өлшеп, айқасқа дайындықты бастап кетті.

    Рәсімде Мейірім Нұрсұлтановтың салмағы орта салмақ санатының лимитінен аспай, таразы 72,5 келіні көрсетті. Оның қарсыласының салмағы 72,3 кг болды. Осы жеде қазақ боксшысын қолдауға Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшысы Баходир Жалолов келді. Жалолов 2020 жылы Токиода өткен Олимпиялық ойындардың чемпионы атанған. 2017, 2019, 2021 жылдары Азия чемпионы болған. 2019, 2023 жылдары әлем чемпионы, 2022 жылы Азия ойындарын жеңіп алған. Ол да бүгін шаршы алаңға шығып, оңтүстікафрикалық Крис Томпсонмен жұдырықтасады.

    Осыдан бірнеше уақыт бұрын Жалолов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін қайтып кәсіпқой боксқа ауысатынын айып, Олимпиада чемпионы атанғаннан кейін Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа секілді кәсіпқой бокстағы әлем чемпиондарымен қолғап түйсіргісі келетінін мәлімдеген еді.

    Боксшылар салмақ өлшегеннен кейін дәстүрлі түрде көз арбасу рәсімін де өткізді.

    Жекпе-жек бүгін Ташкентте болады. Жекпе-жектің статусы – WBC желісі бойынша іріктеу кездесу.

    Мейірім Нұрсұлтанов — Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) тұжырымы бойынша биылғы жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by ADAL PROMOTIONS (@adal_promotions)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *