• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    gov.kz/ Астана қаласының әкімдігі

    Футболдан Қазақстан-Сан-Марино матчына арнайы автобустар апарады

    Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Трансляция Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен беріледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру тегін болады.

    Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 19.30-де «Астаналық цирк», «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті (Нұр-Астана) мен «Жастар» сарайының тұрағынан жүреді.

    Матч аяқталғаннан кейін жанкүйерлер қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын №№10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60, 303 автобустармен қайта алады. Олар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада тұрады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *