• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Сан-Марино

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын жеңді (ФОТО, ВИДЕО)

    Астанада футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино командасымен ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін ұлттық құрама қарсыластарымен үш рет кездесіп, үшеуінде де жеңіске жеткен еді. Бұл матчтар 4:0, 3:1, 3:0 есептермен аяқталды. Ал бүгінгі матч «Астана Арена» стадионында болды. Оған 30 100 адам жиналды. Стадионда ине шаншар орын болмады. Мачты тамашалауға президент Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Матчта ...

    Read More »

    Футболдан Сан-Марино құрамасы шұғыл түрде қонақ үйден шығарылды (ВИДЕО)

    Астанаға Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің аясында болатын матчқа Қазақстан құрамасы командасымен ойнау үшін келген Сан-Марино құрамасы қонақ үйден шығарылды, деп хабарлады Спорт Шредингера Telegram-арнасы. Отельдің әкімшілігі ұрама команда «қонақ үйде бомба бар» деген хабарламаға байланысты  қонақ үйге келген барлық адамды эвакуациялаған. Құраманың 23 ойыншысымен бірге техникалық қызметкерлер, түсірілім тобы толық қауіпсіз жерге көшірілген. Шетелдіктер полиция толық тексеріс жүргізіп болғанша далада ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан-Сан-Марино матчына арнайы автобустар апарады

    Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Трансляция Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен беріледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру тегін болады. Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 19.30-де «Астаналық цирк», «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті (Нұр-Астана) ...

    Read More »

    Ұлттық құрама Сан-Марино және Словениямен матчтарға дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 17 қарашада және 21 қарашада Сан-Марино мен Словения құрама командаларымен болатын матчтарға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны Астанада болып жатыр, — деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады. Жаттықтырушылар штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына «Ордабасы» ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Марионны үлкен есеппен ұтты

    Еуро-2024 іріктеу чемпионатының кезекті ойыны Италияның Парма қаласында өтті. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Эннио Тардини стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен ұтты. Алғашқы таймда біздің қорғаушы Ян Вороговский есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Екінші таймда Магомед Адиев шәкірттері ойын басымдығын ұлғайта түсті. Алдымен команда капитаны Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кетпеді. Ойынның соңғы секундында ұлттық құраманың көшбасшысы Бақтиер ...

    Read More »

    Сан-Марионаға қарсы ойын қиын болады – Бахтиер Зайнутдинов

    Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов БАҚ өкілдеріне Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Сан-Марино командасымен ойын туралы ойын айтты. – Бахтиер, ЦСКА сапында Ресей Кубогындағы жеңістен кейін өзіңді қалай сезініп жүрсің? – Еліміздің абыройын қорғау үшін ұлттық құрамада әрқашан үлкен құлшыныспен ойнаймын. Кубоктағы жеңіс мені шабыттандыра түсті. Сан-Марионмен матчқа толық дайынмын деп айта аламын. – Ресей кубогын алғанда көз жасыңызға ерік бердіңіз. ...

    Read More »

    Қазақстан фаворит болса да босаңсуға болмайды – Магомед Адиев

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Сан-Мариномен матчтың алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. – Магомед Мұсаұлы, Сан-Марино мен Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойындардың арасында үш күн ғана үзіліс болады. Уақыт тығыз екен, үзіліс қысқа. Екі команданың да деңгейі бірдей емес. Бұл елдермен біздің команда қай құрамда шығады? Команданың құрамы өзгере ме? – Біз қарсыласпен қалай ойнайтынымызды жоспарлаймыз. ...

    Read More »