• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Халықаралық садақ ату федерациясы

    Сайыпқыран: Үш жарыста – үш қола жүлде!

    Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Компаунд, құралмалы садақ бағдарламасы бойынша Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған командамыз қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңді.

    Осыған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц қола жүлдегер атанған.

     

    Еркінбек Байтөреев үшінші орынды иеленді

    Австрияның Зальцбург қаласында А сериясындағы жарыс болып жатыр.

    Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлдені кумите бағдарламасында 67 кг дейінгі салмақта Еркінбек Байтөреев салды. Ол үшінші орын үшін жекпе-жекте Кипр спортшысы Лоизидес Панайотисті жеңді.

    Ұлттық құрама спортшысы топтық кезеңде Джед Томпсонды (Англия), Руфини Самуэлені (Италия), Диего Нунес Рибейроны (Португалия), Александр Гуиранды (Франция) жеңді.

    Содан кейін ширек финалда Дзюда Доминиктен (Польша) басым түсіп, жартылай финалда Гусейн Мамедлиге (Әзербайжан) 7:8 есебімен жеңілді.

    Еркінбек Байтөреев биыл көктемде Ақтау қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарған.

    Бүгін Зальцбургте соңғы жарыс күні болады. Ұлттық құрама сапында ката және кумите бағдарламасында барлығы 18 спортшы аттанды.

     

    Данил Васильев FIS кубогында медаль алды

    Бүгін Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савиньи елді мекенінде өткен FIS кубогында үшінші орын алды.

    Ұлттық құрама көшбасшысы 250,7 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Бүгінгі нәтиже (трамплин К-90):

    1. Адам Нижник (Польша) – 268,3 балл
    2. Эней Фалетич (Словения) — 266,1
    3. Данил Васильев — 250,7

    Данил Васильев кеше жарысты үздік бестікте аяқтаған (275.0 ұпай). Ал бірнеше апта бұрын Польшаның Висла қаласындағы жазғы Әлем кубогында екінші орын алып, тарихи нәтиже тіркеген.

    Барлығы Словениядағы бәсекеде 20-ға жуық елден 72 шаңғышы өзара сынға түсті.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *