• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: қола жүлдегер

    Маңғыстаулық жас балуан ел чемпионатында үшінші орын алды

    Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі (U-15) жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сағынбай Мұхамбетали 41 кг салмақта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Ол боз кілемге бес рет шығып, Түркістан облысы, Алматы облысы, Жетісу облысының палуандарын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалда Алматының балуаны Дамир Қалиден жеңіліп, үшінші орын үшін белдесуде Батыс Қазақстан облысының өкілін ...

    Read More »

    Хорватия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Катардағы футболдан әлем чемпионатында Хорватия құрама командасы қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін матчта Хорватия Марокко құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойнның 7-минутта хорваттықтар есеп ашқанымен арада екі минут өткенде марокколықтар таразы басын теңестіріп кетті. Бірінші таймның соңында Оршич гол соғып, Хорватияға жеңіс сыйлады. Хорватия осымен екінші рет қола жұлдені жеңіп алды. Олар 1998 жылы Францияда өткен әлем чемпионатанда ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді. Спортшы көрсеткен өнері үшін 80.04 балл алды. Бұл оның жарысты қола жүлдемен аяқтауына мүмкіндік берді. Бірінші орынды Даниэль Скотт (Аустралия) жеңіп алса, Марион Тхенолт (Канада) екінші орынға ие болды. Жанбота Алдабергенова —әлем кубогы бірінші кезеңінің жүлдегері, Олимпия ойындарына үш рет қатысқан (2014, 2018, ...

    Read More »

    Құрманғалиев — қола жүлдегер!

    Кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев Словакия үстел теннисінен  өтіп жатқан WTT Youth Contender Senec 2022 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.  Ол Джамдиэль Торресті (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичті (Польша), Степан Брхельді (Чехия), Рохелио Кастро (Мексика) мен Андре Бертельсмайерді (Германия) жеңді. Осы жолы Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Санжар Жұбановпен бірге күш ...

    Read More »

    Су добынан ерлер құрамасы — Азияның қола жүлдегері!

    Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстанның ерлер құрама командасы да  қола жүлдегері атанды.  Еліміздің ерлер құрамасы Иран командасын 8:5 (1:1, 1:1, 4:3, 2:0) есебімен ұтты. Бұған дейін су добынан әйелдер құрама командасының  Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғаны туралы хабарланды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азияның қола жүлдегері атанды

    Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстанның әйелдер құрамасы қола жүлдегері атанды.  Қазақстанның арулар командасы үшінші орын үшін ойында Таиланд құрамасымен кездесіп, алаң иелерін 15:4 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін бұрымдыларымыз жартылай финалда Жапониядан 12:16 есебімен жеңілген болатын. Бүгін Азия чемпионатының қола жүлдесін Қазақстан ерлер құрамасы сарапқа салады. Олардың қарсыласы — Иран құрамасы. Енді Андрей Сазыкин жаттықтыратын команда қола ...

    Read More »

    Атыраулықтар қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш жүлдегерге пәтер сыйлады

    Атырауда дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетілді. Атырау қаласында бір топ спорт жанашырлары мен спортшылар және жаттықтырушылар бас қосып, дзюдо күресінен қазақ қыздарынан шыққан әлем чемпионатының тұңғыш қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетті. Әбиба Әбужақыноваға 48 келіде Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алып,  ел мерейін асырған болатын. Арада 15 ...

    Read More »