• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

    Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан Төлеуғали (-80 кг) қола жүлдеге ие болған еді. Енді Шарлотт қаласында жүлде алған даянг шеберлері 2026 жылы Италияның Рим қаласында өтетін Гран-при жарысына барады.

    Австриядағы турнирде еліміздің бес спортшысы жеңіс тұғырынан көтерілді. Азиза Қаражанова (-53 кг) мен Бейбарыс Қабылан (+87 кг) алтын медаль алса, Айдана Сүндетбай (-53 кг) күміс жүлдеге ие болды. Нұрқанат Қожахмет (-87 кг) пен Мерген Ғаниев (-80 кг) өз салмағында үшінші орынға шықты.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *