• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Спорт Шредингера

    Нұрсұлтан Алтынбек бокстан Таиландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды

    Боксшы Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды.

    Ол жартылай финалдық жекпе-жекте Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді. Оның алдында боксшы ширек финалда жапониялық Мизогучи Сехуроны 5:0 есебімен жеңген болатын.

    Дәстүрлі турнир 24 мамырда басталған еді. Ол 1 маусымға дейін болады. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд пен тағы бірнеше елдің былғары қолғап шеберлері қатысуда.

    Ширек финалда ел құрамасынан 9 боксшы жеңіске жетті.

    60 кг. Виктория Графеева — Чи Зан (Сингапур) 5:0

    70 кг. Наталья Богданова — Ньен Чен (Тайпей) 3:2

    Ал Надежда Рябец (75 кг), Гүлсая Ержан (80 кг) және Елдана Тәліпова (81 келіден аса) жарысты жартылай финалдан бастайды.

    50 кг. Нұрзат Оңғаров — Юн Таегун (Оңтүстік Корея) 4:1

    55 кг. Нұрсұлтан Алтынбек — Мизогучи Сехуро (Жапония) 5:0

    65 кг. Дулат Бекбауов — Мунарбек Сеиитбекуулу (Қырғызстан) 4:1

    70 кг. Төрехан Сабырхан — Рональд Чавес (Филиппин) 5:0

    80 кг. Диас Молжігітов — Роберт Мускита (Индонезия) 5:0

    85 кг. Бекзат Таңатар 5- Джугно (Үндістан) 5:0

    90 кг. Данияр Рахымбердиев — Евгений Павловский (Украина) 5:0

    30 маусым мен 6 шілде аралығында Астана қаласында Әлем кубогы өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *