• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    «Ролан Гаррос»: Бублик сенсация жасап, алғаш рет үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде камбэк жасап, алғаш рет үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол Франция ашық чемпионатындағы екінші ойынын әлемнің 9-ракеткасы, австралиялық Алекс де Минаурға қарсы өткізді.

    Бублик осы кезге дейін «Ролан Гарроста» үшінші айналымға шығып көрмеген еді.

    Бастапқы екі партия 6:2 есебімен австралиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Үшінші сетте Бублик 3:0 есебімен алға шыққанымен, басымдылықты ұстап тұра алмады. Есеп — 4:4. Дегенмен ол тағы бір брейк жасап, есепті 6:4 етті.

    Төртінші партияда есеп 2:1 болған кезде теннисші брейк жасай алды. Есеп — 3:1. Содан кейін 6:3 етіп, сетті әдемі аяқтады.

    Бублик бесінші, шешуші сетті брейкпен бастады. Есеп — 2:0. Тағы бір брейк. Бұл жолы есеп 4:1 болды. Сосын матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ. Қорытынды есеп — 6:2.

    Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің рейтингіде 200-сатыдағы португалиялық Энрике Рошамен ойнайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *