Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық құраманың спортшылары командалық көпсайыста үшінші орынға шықты. Жүлдеге Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман мен Өмірсерік Досжан ие болды.
Командалық көпсайыста бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы көтерілді.
Бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында үшінші орынды алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА