Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама командасы Борисов қаласындағы «Борисов-Арена» стадионында Беларусь елінің ұлттық құрамасымен ойнады.
Жолдастық матчта Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңілді.
Беларусь құрамында Валерий Громыко, Валерий Бочеров, Трофим Мельниченко мен Евгений Шикавка бір-бір доптың авторы атанса, Қазақстан құрамасының жалғыз голды 74-минутта Ғалымжан Кенжебек салды. Оған Наурызбек Жагоров пас берді.
Енді Қазақстан құрамасы 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македония командасымен ойнайды. Матч «Астана Аренада» сағат 19:00-де басталады.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, жолдастық матчта қарсыластар мына құраммен алаңға шықты.
Беларусь – Қазақстан – 4:1 (2:0)
Голдар: Громыко, 25; Бочеров, 31; Мельниченко, 50; Шикавка, 85 – Кенжебек, 74
Ескерту: Жұмаханов, 83
Беларусь: Павлюченко (қ), Карпович, Мартынович (к), Забелин, Прищепа, Корзун, Бочеров, Эбонг, Громыко, Шикавка, Мельниченко.
Қосалқы құрам: Лапоухов (қ), Игнатович (қ), Апетенок, Киреев, Лисакович В, Лисакович Р, Никифоренко, Пархоменко, Печенин, Пигас, Политевич, Седько, Яблонский.
Бас жаттықтырушы: Карлос Алос Феррер
Қазақстан: Покатилов (қ), Тапалов, Быстров, Малый, Әліп, Вороговский, Чесноков, Тағыберген (к), Қуат, Зуев, Самородов.
Қосалқы құрам: Шайзада (қ), Заруцкий (қ), Мұхамед, Жұмат, Астанов С., Жагоров, Жуков, Жұмаханов, Кенжебек, Төлеубай, Халматов.
Бас жаттықтырушы: Әли Әлиев
5.06.2025. «Борисов-Арена», Борисов
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА