• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Өзбекстанның футбол қауымдастығы

    Өзбекстан алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

    Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрама командасы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Енді өзбек елінің жасағы келесі жылы Атлант мұхитының ар жағында жатқан АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

    Бұл жолдаманы Өзбекстан құрамасы іріктеу турнирде өз тобында екінші орынға ие болып, жеңіп алды.

    Бүгін ала шапанды ағайындар Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Осы есеп Өзбекстанның «А» тобынан мундиальға жолдама алуына жеткілікті болды. Матчтың үздік ойыншысы болып Өзбекстан командасының қақпашысы Уткир Юсупов танылды. Ол бірнеше рет сейв жасап, команданы жеңілістен құтқарды.

    Өзбекстан келесі матчта 10 маусымда Катармен ойнайды. Катарда 10 ұпай бар. Бұдан басқа «А» тобында бесінші орында 6 ұпаймен Қырғызстан келе жатыр. Соңғы орында Солтүстік Корея құрамасы тұр. КХДР-да 2 ұпай.

    Қазір Өзбекстан командасы 9 турдан кейін 18 ұпаймен екінші орында келеді.. Бірінші орында 20 ұпай жинаған Иран елінің құрамасы болса, үшінші орында Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Оларда 14 ұпай бар.

    Келесі әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысады.

    Тағы бір айта кететін нәрсе, Өзбекстан құрамасын «Ақтөбе» клубында ойнаған Тимур Кападзе жаттықтырады. Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, ол ұлттық құрамаға алғаш рет әлем чемпионатына, ал жастар командасына Олимпиялық ойындарға жолдама алып берген жаттықтырушы ретінде тарихта қалады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *