• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу турнирін жеңіспен бастады

    Бүгін Астанада футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Андорра командасымен ойнап,  1:0 есебімен жеңіске жетті.

    Матчтың 11-минутында «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Олжас Байбек жалғыз доптың авторы атанды.

    Бұл матчта Дастан Сатпаев жастар құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты. Ол 85 минут ойнады.

    Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 8 қыркүйекте Англиямен ойнайды. Қазақстан құрамасының тобында Словакия, Ирландия және Молдова құрамалары бар. Топта бірінші орын алған команда ЕУРО-2027 турниріне тікелей жолдама алады.

    Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, командалар мына құрамда ойнады.

    Қазақстан U-21 – Андорра U-21 – 3:2 (1:0)

    Голдар: Байбек 11

    Ескертулер: Бутарафас 29, Феррейра 44, Бьенерт 56

    Қызыл қағаз: Маррей 64

    Қазақстан U-21: Талыспаев (қ), Мрынский, Асқаров (к), Саидов, Нұрымбет, Байбек, Есімбеков, Сатпаев, Валгушев, Тұрғанов, Труфанов;

    Қосалқы құрам: Рихард (қ), Мигунов, Литош, Өмірзақов, Тоқтыбай, Төлеуов, Раскатов, Бердібек, Попов;

    Аға жаттықтырушы: Денис Мамонов.

    Андорра U-21: Де Кастро (қ), Де Са, Корнелья, Бьенерт, Гума, Феррейра, Сола (к), Ремолинс, Бутарафас, Акоста, Родригес;

    Қосалқы құрам: Корнелья Молинс (қ), Де Лима, Домингес, Фернандес, Каррау, Дчар, Силва, Торне, Сантаэлья;

    Аға жаттықтырушы: Элой Касальс.

    Төрешілер: Гиорги Авазашвили, Зааза Пипиа, Гиорги Эликашвили, Коба Ревазашвили (бәрі – Грузия).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *