Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Аргентинада өтетінін растады. ФИФА мундиальдың болатын күндерін өзгеріссіз қалдырды. Яғни, әлем чемпионаты 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Жеребе тарту рәсімі 21 сәуірде Швейцарияның Цюрих қаласында болады. Жеребеге дейін командалар мына қоржынға түсті. Осы қоржыннан құрамалардың қағазға жазылған аты оқылады. Одан кейін олардың қай топтарда ойнайтыны белгілі болады. ...
Read More »Әлем чемпионаты
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Дзюдодан Катардың астанасы – Доха қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, әлем чемпионаты 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған. Қазір ұлттық құраманың балуандары әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Катарда өтетін әлем чемпионатына мына спортшылар қатысады: Ерлер: 60 кг: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев 73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев ...
Read More »Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын ұтты
Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан мен әлем құрамаларының бірінші матчында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды ұтты. Бибісара Асаубаева 2021 жылы шахмат тарихында блицтен ең жас чемпион атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол былтыр блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ал биыл ол Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турниріне қатысты. Қазақстан мен әлем құрамаларының матчы 19 сәуірге ...
Read More »Шахматтан әлем құрамасы әзірше алда келеді
Астанада әлемде тұңғыш рет бір елдің шахматтан әйелдер командасы әлем құрамасына қарсы ойынды бастады Бұған дейін мұндай жарыс үш рет тек ерлер құрамалары арасында өткізілген болатын. Биылғы әйелдер матчында Қазақстан мен әлем құрамалары ойындарға екі командадан қатыстырып жатыр. «А» командаларының құрамында төрт ересек спортшы бар. Ал «В» командалары – 14, 16, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар. Матчтың жеребе тарту ...
Read More »Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына 104 елдің боксшылары қатысады
Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласынд 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатына 104 елдің былғары қолғап шеберлері қатысады. Бұл туралы uz.sputniknews.ru хабарлады. Чемпионатқа барлығы 13 салмақ дәрежесінде 104 мемлекеттен 640 боксшы тіркеліп отыр. Тіркеу 14 сәуірде аяқталды. Олардың арасында әлемнің соңғы 7 чемпионы бар. Сәкен Бибосынов (51 кг дейін, Қазақстан), Томоя Цубои (54 кг дейін, Жапония), Софиян Омиха (60 ...
Read More »Допинг дауы: Азия чемпионатының жүлдегері жарыстан шеттетілді
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді. Бұл туралы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов та айтты. Bassport.kz-қа берген сұхбатында Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамаға бас жаттықтырушы болып қайта келгенде қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастағанын, сол кезде олар боксшыларға допинг туралы ескерту жасағанын атап өтті. Біз тіпті, көшеден ...
Read More »IBA бокстан әлем чемпионатына қатысты шешім қабылдады
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын шешім қабылдады. Қауымдастық бойкот жариялаған елдердің наразылығына қарамастан әлем чемпионатының уақытында болатынын хабарлады. Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысады. Жалпы, додада 104 елдің боксшылары күш сынасады. Қазір 640 боксшы тіркеліп отыр. Олар 13 салмақ бойынша қолғап түйістіреді. Алайда IBA тіркеуді 14 сәуірге дейін ...
Read More »Бокстан әлем чемпионатына 12 мемлекет бойкот жариялады
Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдердің тізімі тағы бір мемлекетпен көбейді. Қазір тізімде 12 ел бар. Бұған дейін әлем чемпионатына АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Швеция, Канада, Украина, Германия мен Норвегия қатысудан бас тартса, енді олардың қатарына Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігі қосылды. Ұлыбританияның бокс федерациясы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына ...
Read More »Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері бірінші орынды иеленді
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Албанияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы сәтті өнер көрсетіп, 7 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, чемпионатта мына спортшылар жүлдегер атанды: Никита Абдрахманов: — жұлқа көтеруде 1-орын (164 кг көтерді); — серпе көтеруде 1-орын (205 кг көтерді); — жалпы есеп бойынша 1-орын (369 кг). Нұрдос Сабыр: — жұлқа ...
Read More »Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында тағы бір жүлдені алды
Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Таисия Алексеева күміс жүлдені жеңіп алды. Қыздар арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алексеева жұлқа көтеруде 89 кг, ал серпе көтеруде 112 келіні басынан асырды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша ол 201 кг көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үш жүлде алған болатын. 73 ...
Read More »