• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу тобында көш бастады (ВИДЕО)

    2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің кезекті ойынында Қазақстан құрамасы өз алаңында Румыния командасымен кездесті.

    Матч 4:3 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда ұлттық құрамада Дуглас, Альберт Ақбалықов, Эдсон мен Біржан Оразов бір-бір голдан салды. Румыния құрамасында Маня дубль жасаса, Сассе ойнының соңында есепті бір голға қысқартты.

    Осы жеңістен кейін кейін ұлттық құрама 6 ұпай жинап, өз тобында көш бастады.

    Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қазанда сырт алаңда Әзербайжан құрамасымен өткізеді.

    Қазақстан – Румыния – 4:3 (4:1)

    Голдар: Дуглас 2, Ақбалықов 11, Эдсон 15, Оразов 20 – Маня 4, 36, Сассе 32;

    Ескерту: Ходьнодь 33;

    Қазақстан: Игита, Серіков – Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Эдсон, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Жұма, Дәрібай, Әбдіманапұлы;

    Румыния: Тоница, Лунгу – Сассе, Оливейра, Феррейра, Крэчун, Ислой, Дудэу, Илаш, Араужо, Ходьнодь, Бошнягэ, Настай, Маня;

    Төрешілер: Пешко, Беганчин, Матула (барлығы – Словакия);

     

    Қазақстан футбол федерациясы

    ФОТО: Қазақстан футбол федерациясы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *