• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    V Азия Пара ойындары: Әли Тұрғанбеков — күміс жүлдегер!

    V Азия Пара ойындарында пара жүзуден ерлер арасында SB4 санаты бойынша өткен финалда Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен 1 минут 44.26 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді.

    Бұл жарыста Малайзияның өкілі Мұхаммад бин Зулкафли чемпион атанды. Ол 100 метрге 1 минут 41.44 секундтта үзіп, мәреге бірінші болып жетті.

    Қола жүлдені үнді Рохит Кумар қанағат тұтты. Ол мәреге 1 минут 57.25 секундта келді.

    Бұған дейін Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 95 келіден cалмақта ирандық Кхеироллахзаден Варзи Мохаммад Резаны жеңіп, чемпион атанды.

    Одан басқа ел қоржынына алтын жүлделерді пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Құлмырза, Ақтолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, пара жүзуден Диас Кенжебек, пара велоспорттан Наиль Ермұханбет пен Анастасия Калаус салды.

    Қазір спортшылардың қоржынында 10 алтын, 11 күміс және 13 қола медаль бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *