• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Пара жеңіл атлет Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

    Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Айсұлу Сүлейменова 100 метрге жүгіруден Азияның жаңа рекордын жаңартты.

    Айсұлу Сүлейменова жарыстарға екі аяқтың зақымдануына байланысты арнайы жүгіру протездерін пайдаланатын спортшыларға арналған T62 санатында қатысып жүр. Алайда өз санатында басқа адамдар болмағандықтан, ол бір аяқтың зақымдануына байланысты протез пайдаланатын спортшылар бақ сынайтын T64 санатының өкілдерімен бірге жарысты.

    Финалда ол 100 метрді 16,18 секундта жүгіріп, жалпы есепте бесінші орынға ие болды. Сонымен қатар, бұл нәтиже оның T62 санатында Азияның жаңа рекорды ретінде тіркелді.

    Осылайша, Айсұлу Сүлейменова біріккен жарыста бесінші орын алғанымен, өз санатында құрлықтық рекорд жасап, маңызды жетістікке жетті.

    Айсұлу Сүлейменова Астанада тұрады. Осы жерде жаттығып, жарыстарға қатысады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *