Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жүзуден ерлер арасында S10 классы бойынша өткен финалда Диас Кенжебек баттерфляй әдісімен 100 метрге 1 минут 05.50 секундта жүзіп, қола медаль иеленді.
Кеше ол S10 санаты бойынша 100 метрге 1 минут 1,98 секундта жүзіп, мәреге бірінші жетіп, Пара Азиада чемпионы атанды. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Ал оған ол кешенді жүзуден өткен финалдық жарыста 200 метрді 2 минут 21.61 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Сөйтіп, спортшы бір жарыста үш жүлдені жеңіп алды.
V Азия Пара ойындарына 45 елден 4000-ға жуық спортшы қатысып, спорттың 18 түрінен 502 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан Азия Пара ойындарында 2010 жылдан бері қатысып, жалпы 105 медальді жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 35 күміс және 50 қола медаль бар.
2010 жылы 63 спортшымен 6 спорт түрінен қатысып, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
2014 жылы Инчхон қаласында (Оңт.Корея) 78 спортшы 9 спорт түрінен қатысып, 24 медальге (7 алтын,6 күміс және 11 қола) ие болды.
2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен III Азия Пара ойындарында еліміздің 90 спортшысы 9 спорт түрінен бақ сынап, елге 33 медаль (5 алтын, 15 күміс,13 қола) әкелді.
Ханчжоу қаласында өткен соңғы Азия Пара ойындарында 131 спортшы қатысып, рекордттық 41 медальді (8 алтын, 12, 21 қола) иеленді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары