Бүгін Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда Англияның «Челси» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Матчта ағылшындар клубының ойыншылары қарсыластарының қақпасына қауіпті жағдай жасай бастады. Соның нәтижесінде ойынның 22-минутында Коул Палмер есеп ашса, одан кейін ол 30-минутта тағы да нысананы дәл көздеді. 43-минутта Коул Палмер тағы да көзге түсті. Ол Жоао ...
Read More »Tag Archives: финал
Клубтар арасындағы ӘЧ: «Пари Сен-Жермен» мен «Челси» финалда ойнайды
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды. Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. ...
Read More »Жібек Құламбаева ITF W15 турнирінің финалына шықты
Әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Курсумлийска Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп ойнап жатыр. Теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 695-орында тұрған ресейлік Милана Жабраиловадан айласын асырды. Бірінші партия аса тартысты өтіп, тай-брейкте Жібек Құламбаева 7:6 (7:3), екінші сетте 4:0 есебімен басымдық танытты. Соңында матчты 6:1 есебімен жеңді. Матч екі сағаттан астам ...
Read More »Теннисшілеріміз қарт құрлықтың төрінен төбе көрсетті
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирінде көңіл көншітерлік өнер көрсетіп жатыр. Мысалы, Бейбіт Жұқаевтың өзі жас болса да бас бола білетінін дәлелдеп, алғаш рет Уимблдонның іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, «Үлкен дулының» кілең мықтылар ойнайтын басты додасына жолдама алды. Осының өзі жас спортшы үшін үлкен жетістік деуге болады. Сол сияқты ...
Read More »Отандастарымыздың теннис турнирлеріндегі жорығы жалғасып жатыр
Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турниріндегі жарыстарын одан әрі жалғастырып жатыр. Жастар арасында Уимблдонда Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай (іріктеу) ойнайды. Сол сияқты Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жаман ойнап жатқан жоқ. Әлемнің 274-ракеткасы Зарина Дияс та Испанияның кортының ...
Read More »Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалисі атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатаның финалында ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, итальяндар Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен бақ сынады. Бірінші партияда италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Данилина мен Курнич 6:2 есебімен жеңді. Үшінші сетте италиялықтар дес бермеді. Есеп 6:1 болды. Осылайша, Анна Данилина ...
Read More »Көркем гимнасшылар Азия чемпионатының жүлдесіне таласады
Сингапурда көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы іріктеу күніндегі топтық сайыста Қазақстан құрамасы 5 лента жаттығуында 22.100 ұпаймен екінші орын алып, финалда финалда бақ сынауға мүмкіндік алды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл бағдарламада көш басында Оңтүстік Корея гимнасттары 23.000 ұпаймен тұрса, ал үшінші орынға өзбекстандықтар (21.550) жайғасты. Қыздарымыз ойдағыдай өнер көрсетіп жатыр. Енді, ертең де іріктеу жарыстары ...
Read More »Көркем гимнасшылар Азия чемпионатының финалына шықты (ФОТО)
Бүгін Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Бәсекенің алғашқы күні көпсайыстан іріктеу нәтижесінде ұлттық құрама команданың екі спортшысы да финалға жолдама алды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Атап айтсақ, Айым Мейіржанова шығыршық пен лента жаттығуында 53.200 ұпай (26,.550 + 26.650) жинап, үздік үштікке жайғасып, екі бағдарламадан да финалға шықты. Сондай-ақ Айбота Ертайқызы 52.000 ұпаймен (26.900 + 25.100) бесінші ...
Read More »Бокстан Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды
Қарағанды қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында финалға шыққан барлық боксшы анықталды. Ерлер 48 кг. Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) — Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) 51 кг. Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы) — Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) 54 кг. Тимур Қабдешов (Ақмола облысы) — Бағлан Кенжебек (Жамбыл облысы) 57 кг. Дәулет Молдашев (Абай) — Асылжан Серікбай (Шымкент) 60 кг. Серік ...
Read More »Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогының финалдық кезеңіне шықты
Фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі Грузияның Бакуриани қаласында өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz. Ерлер арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков пен Максим Емельянов қатысты. Нәтижесінде негізгі жарысқа тек Павел Колмаков шықты. Ол іріктеу кезеңін 15-орында аяқтап, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Ал Бондарев 36-орын, Бугаков 38-орын, Емельянов 42-орын иеленді. Іріктеу кезеңінде бірінші орынды канадалық спортшы Микаэль ...
Read More »