• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: финал

     Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты. Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты. Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп — 4:1. Енді ол 80 келіге дейінгі салмақта Қытай атынан жарысқа қатысып жатқан қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты

    Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...

    Read More »

    Бүгін бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады

    Бүгін Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады.  Чемпионат 16 наурыз күні басталды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Финалға Үндістан мен Қытайдан – төртеуден, Австралия, Моңғолия, Италия, Ресей және Қазақстан құрамалары сапынан екі-екі боксшыдан шықты. Вьетнам, Тайпей, Колумбия, Алжир, Марокко елдерінен бір-бір боксшыдан бар. Чемпионат финалында мына боксшылар ең үздіктерді анықтайды: 48 кг. Ниту Ниту (Үндістан) – Алтанцецег Луцайхан ...

    Read More »

    Странджа кубогы: финалға шыққан жалғыз қазақ боксшысы жеңіліп қалды (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы – София қаласында бокстан өткен халықаралық Странджа кубогында Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды. Кіші әлем чемпионаты деп те аталатын жарыста Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта түбі кубалық, Болгария өкілі Хавьер Ибаньеспен жұдырықтасты. Жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Странджа кубогын 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады. Бұған дейін Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова әлем чемпионатының финалына шықты

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Квалификация қорытындысы бойынша спортшы 84,10 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Аяна Жолдас 18-ші нәтиже көрсетті. Бұл оның шешуші раундқа өтуіне мүмкіндік бермеді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстанның алты боксшысы финалға шықты

    Қазақстанның алты боксшысы Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиды еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің финалына шықты. Жартылай финалда Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Аятолла Тәкіжанов (75 кг) пен Айбек Оралбай (92 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Енді финалда Теміртас Жүсіпов  Асылбек Аманқұлұлымен (Қырғызстан), Серік Теміржанов Василе Устуроймен ...

    Read More »

    Астаналық 14 жастағы теннисші Австралиядағы турнирдің финалына жетті

    Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті. «Мельбурн Паркінің» кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды. 14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды. Есеп – 7:6, 4:6, 2:6. Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін қаншама көп күш жұмсадым. ...

    Read More »

    Australian Open-2023: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

    Теннисші Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесуін өткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы турнирде бесінші орын алған беларусьтік Арина Соболенко болды. Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды. Матч 2 сағат 28 минутқа созылды. Финалға шығар жолда Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: финалға алты қазақ боксшысы шықты

    Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгілер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның 11 боксшысы қарсыластарымен жартылай финалда қолғап түйістірді. Бұл кездесулерде бес спортшымыз жеңіліп, қола медальды қанағат тұтты. Ал алты былғары қолғап шебері финалға шықты. Жартылай финалда Санжар Ташкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Абзал Серік ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: екі боксшы финалға жолдама алды

    Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы бәсекесінде Қазақстан алғашқы финалдық жолдамаға ие болды. 70 килода бақ сынаған отандасымыз Жасмин Қизатова вьетнамдық Труонг Мин Тху Кюнхпен кездесіп, үшінші раундта техникалық  нокаутпен жеңіске жетті. Екінші және үшінші раундтарда вьетнамдық спортшы нокдаунға түскенде төреші Жасмин Қизатова жеңді деген шешім шығарды. Осылайша, отандасымыз командаластарының арасынан алғаш болып финалға жолдама ...

    Read More »