Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатаның финалында ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол сербиялық Александра Круничпен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, итальяндар Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен бақ сынады.
Бірінші партияда италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Данилина мен Курнич 6:2 есебімен жеңді.
Үшінші сетте италиялықтар дес бермеді. Есеп 6:1 болды.
Осылайша, Анна Данилина үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалында өнер көрсетті. Ол алғаш рет 2022 жылы Австралия ашық чемпионтының финалында ойнаса, 2023 жылы микстте US Open-де жеңімпаз атанған болатын.