• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Спорттық гимнастикадан АЧ: Қазақстан ерлер командасы үш алтын жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан жасөспірімдер мен ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Қазақстан командасы үш жарыс күнінде жеті жүлдеге ие болды. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс, екеуі қола медаль.

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермей, чемпион атанды. Ол финалда әлемдегі ең күрделі комбинацияны орындап, 14.933 ұпай жинады. Содан кейін жасөспірімдер санатында Роман Хегай Нариман секілді дәл осы дисциплинада чемпион атағын жеңіп алды (финалда 13.800 балл). Ал Нұртаң Ыдырысов қос сырық дисциплинасында үздік шықты. Ол финалда 13.933 ұпай иеленді.

    Бұл — Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ірі жарыс. Сол себепті, алған жүлденің орны бөлек. Жасыратыны жоқ, біздің құрлықтағы гимнастар әлемдік деңгейде өте мықты. Мұнда қарсыластармен сынға түсу — ерекше әсер береді,- деді үш дүркін Азия чемпионы атанған Нариман Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

    Еркін жаттығуда әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими Чечхонда осы сында күміспен күптелді. Тағы бір екінші орын тұтқалы ат снарядында Нұртаң Ыдырысовтың еншісінде (жасөспірімдер санаты).

    Командалық көпсайыста Қазақстан ерлер және жасөспірімдер құрамасы үшінші орыннан көрінді.

    Былтыр өткен XI сары құрлық бәсекесінде ұлттық құрама (жасөспірімдер, ерлер, әйелдер) жалпы есепте Қытай мен Филиппиннен кейін үшінші орын алған. Ташкент қаласында гимнастарымыз 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль иеленген.

    Жалпы, Чечхон қаласындағы жарысқа 24 елдің таңдаулы спортшылары жиналды. Енді 12-15 маусым аралығында әйелдер өзара жүлдеге таласады.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *