Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына берілген екінші жолдамаға ие болды.
Париждің клубы жартылай финалда Испанияның «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчта Фабиан Руис 6-минутта есеп ашса, одан кейін Усман Дембеле 9-минутта екінші голдың авторы атанды. «Реалдың қақпасына үшінші допты 27-минутта тағы да Фабиан Руис тоғытты. Ойынның соңында Гонсало Рамуш таблодағы есепті өзгертті. Ол 87-минутта матчқа қалың нүкте қойды.
Енді «Пари Сен-Жермен» 13 шілдеде финалда Англияның «Челси» клубымен бас жүлдені сарапқа салады.
Әлем чемпионатының жүлде қоры — 1 миллиард АҚШ доллары. Чемпион болған команда 125 миллион долларды қалтасына Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Биылғы доп додасында «Пари Сен-Жермен» мен «Реалды» санамағанда 30 команда қатысты.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА