• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Әмір Омарханов алғаш рет Уимблдон турнирінің 1/2 финалына шықты

    Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен ойнады.

    Бірінші партияны Омарханов пен Плешивцев брейкпен аяқтады. Есеп — 6:4. Олар екінші сетте де 4:2 есебімен алға шыққанымен, қарсыластары таразы басын теңестірді. Дегенмен тай-брейкте Әмір Омарханов пен Егор Плешивцевтің жолы болды. Бұл сет 7:6 (10:8) есебімен аяқталды.

    Өткен жылы Омарханов Ролан Гаррос турнирінде ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жартылай финалда өнер көрсеткен еді.

    Омарханов – Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасында осындай табысқа жеткен үшінші спортшы. 1997 жылы Ирина Селютина зимбабвелік Кара Блэкпен бірге Франция ашық чемпионаты мен «Уимблдонда» үздік шыққан еді. Сондай-ақ Әмина Рахым 2005 жылы «Ролан Гарростың» финалына, АҚШ чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Бір жылдан кейін Австралия чемпионатының жартылай финалында ойнады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *