• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әмір Омарханов

    Australian Open: Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

    17 жастағы теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан шығарды. Қазақстан теннисшісі бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 5:2 болған кезде матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады. Есеп ...

    Read More »

    Әмір Омарханов АҚШ-тағы әлемдік жарыстың жеңімпазы атанды

    Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты. Бұл жұп финалда швейцариялық Анри Берно мен  чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті. Есеп ...

    Read More »

    Әмір Омарханов «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында ойнайды

    Теннисші Әмір Омарханов Францияның Париж қаласында жасөспірімдер арасында жұптық сында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю мен аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті. Бұл ойында бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, Омарханов пен Дерепаско шешуші сәтте 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Екінші ...

    Read More »

    Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты

    Теннисші Әмір Омарханов Ролан Гаррос» турнирінің жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарысында жұптық сында екінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге алғашқы ойынын франциялық Антуан Фато мен Даниэль Жадемен ойнап, оларды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Енді Омарханов – Дерепаско дуэті ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық ...

    Read More »

    Әмір Омарханов рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді

    Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингінде 16-орынға көтерілді. Бұл – елімізде спорттың осы түрімен айналысатын жасөспірімдер үшін ең үздік көрсеткіш. Қазақстанның жасөспірім теннисшілерінен ешкім әлемдік рейтингіде мұндай биікке көтерілген емес. Бұған дейін 16 жастағы спортшы ITF Juniors рейтингінде 27-орында болған еді. Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралияның ашық чемпионатының ширек финалында ойнап, рейтингін бірден жақсартып алды. Ол ерлер арасында ...

    Read More »

    Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға шықты

    Аустралияда теннистен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Australian Open турнирінде Әмір Омарханов ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы. Әмір Омарханов ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға жолдама алды. Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңді. Корей теннисшісі тізімде 26-орында тұрса, Омарханов 27-орында. Матчқа келсек, отандасымыз бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске ...

    Read More »

    Әмір Омарханов Australian open турнирінде үшінші айналымға шықты (ВИДЕО)

    Теннистен жасөспірімдер арасында Аустралияда өтіп жатқан Australian open турнирінде Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты. Әуеле ол жарыста турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген италиялық Федерико Чинаны жеңіп, сенсация жасады. Одан кейін 16 жастағы теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен, екінші сетте тай-брейкте 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Ал үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. ...

    Read More »

    Теннис: Әмір Омарханов — ITF Juniors J60 турнирінің жеңімпазы!

    Теннисші Әмір Омарханов Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. 15 жастағы теннисші — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Қазір ол Чехияда жаттығып жүр. Грузиядағы турнирде ол жекелей және жұптық сында үздік атанды. Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ол финалға ...

    Read More »

    Жас теннисшілер халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисшілер Томирис Нұржан мен Әмір Омарханов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Томирис Нұржан Испанияның Барселона қаласында өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирін жеңіп алса, Әмір Омарханов Қарағандыда төртінші санаттағы ITF Juniors турнирінің бас жүлдесін иеленді. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Томирис Нұржан финалда жергілікті ойыншыны 6:4, 6:2 есебімен жеңген. Жеңімпазға сыйлықты Каталония мэрі тапсырып, оның жеңіске деген жігерін атап өтіп, отандасымызды ...

    Read More »