Теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингінде 16-орынға көтерілді.
Бұл – елімізде спорттың осы түрімен айналысатын жасөспірімдер үшін ең үздік көрсеткіш. Қазақстанның жасөспірім теннисшілерінен ешкім әлемдік рейтингіде мұндай биікке көтерілген емес.
Бұған дейін 16 жастағы спортшы ITF Juniors рейтингінде 27-орында болған еді. Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралияның ашық чемпионатының ширек финалында ойнап, рейтингін бірден жақсартып алды. Ол ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға шығып, үшінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңген болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА