• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Туберкулезге қарсы күрес – басты назарда

    АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігі (USAID) Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығымен, медицина қызметкерлерімен, халықаралық донорлармен, қоғамдық көшбасшылармен және медицина өкілдерімен бірлесіп, «Орталық Азияда туберкулезді жою» (ETICA) Жобасының Қазақстандағы айтарлықтай жетістіктерін атап өту мақсатында маңызды іс-шара өткізді.

    Іс-шарада Қазақстанды және Орталық Азияның өңірлерін кең қамтыған туберкулезбен ауыру жағдайларын азайтуға ықпал еткен инновациялық тәсілдер, шұғыл емшаралар және инновациялық зерттеулер секілді USAID ETICA қолдау көрсеткен мәселелер талқыланды. USAID-тің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен серіктестігі туберкулезге қарсы зертханалардың инновациялық молекулярлық жылдам диагностикасын, басқару мен сапасын қамтамасыз ету аспектілерін енгізуге және көлемін кеңейтуге, дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу режимдерін жақсартуға, ынтымақтастықты нығайтуға, туберкулезге қарсы ақпараттық-түсіндіру және емделушілерді қолдау, сонымен бірге туберкулезбен күресті қаржыландыру жүйесін оңтайландыру саласында қоғамдастықпен және азаматтық қоғам ұйымдарымен әріптестікті күшеутіге ықпал етті.

    Еліміз бойынша барлығы 1663-тен астам адам оқытылды. USAID-тің Орталық Азиядағы демократия және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық директоры Робин Мардуз былай деп атап көрсетті: «USAID туберкулезге қарсы күрес бағдарламаларын күшейту үшін аймақтағы денсаулық сақтау министрліктерімен серіктес болғанын мақтан тұтады. Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламалармен ынтымақтастығымыз туберкулезді диагностикалау мен емдеуді жақсартуға әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз етті және туберкулезге қарсы қызмет көрсетуді жақсартудағы қауымдастықтың маңызды рөлін күшейтті. Біз бірге туберкулезді жеңе аламыз». Қазақстандағы туберкулезге қарсы күресте қол жеткізген табыстар барлық қатысушылардың жанкештілігі мен ынтымақтастығының айғағы. Бұл іс-шара Қазақстан Үкіметінің туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктеріне арналған.

    USAID техникалық көмегі туберкулезге қарсы ұлттық референс зертханасының (ҰРЗ) және туберкулезге қарсы зертханалар желісінің әлеуетін күшейтті. USAID Денсаулық сақтау министрлігімен ДДСҰ ұсынған жедел молекулярлы диагностикалық технологияларды (GeneXpert MTB/Rif Ultra және GeneXpert MTB/XDR сынақтары) қолдануды кеңейту, дәріге төзімді туберкулезді анықтау үшін толық геномды секвенирлеу технологиясын енгізу және дәріге сезімталдық тестін (ДСТ) күшейту мақсатында жұмыс істеді. Нәтижесінде ҰРЗ жетілдірілген технологияны сәтті енгізді және барлық 19 аймақтық туберкулезге қарсы зертхана Германиядағы супраұлттық референс зертханадан сапаны бағалаудың сыртқы сертификаттарын алды. Бұл елеулі жетістіктер бүкіл ел бойынша дәріге төзімді туберкулезді дер кезінде сенімді түрде және дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, USAID Денсаулық сақтау министрлігімен БАҚ-та және басылымдарда туберкулез мәселелерін көрсетуді жақсарту бағытында жұмыс істеді, нәтижесінде туберкулез, стигма және кемсітушілік туралы хабардарлықты арттыру үшін 50-ден астам жарияланым жарық көрді. Бұдан бөлек, туберкулезге қарсы стигманы азайтуға бағытталған бүкіл ел бойынша өткізілген ұлттық науқандарға 536 000 адам қатысты.

     

    Салтанат ҚАЖЫКЕН,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *