Астанада Республика күніне орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды.
Финалда 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев пен әскер барысы Марат Байқамұров күресті.
Белдесудің екінші минутында Марат Байқамұров қарсыласының осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді.
Бұған дейін жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев турнирдің басты фавориты саналған «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғаповпен күресіп, оны жеңген еді. Ал Марат Байқамұров Ақтөбе облысының өкілі Ерасыл Амангелдіні жарыс жолынан шығарған болатын.
Үшінші орын үшін белдесуде «Қара бура» Ақтөбе облысының өкілі Ерасыл Амангелдіні үш дүркін қола жүлдегер атағын иеленді.
Рүстем ЖҰМАН,
АСТАНА