• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан академиялық ескек есуден екі жүлде алды

    Вьетнамның Хайфон қаласында ересектер арасында академиялық ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Күміс медаль – 2 000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы 4 спортшы. Команда құрамы – Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина.

    Қола жүлде – 2000 метрге ерлер арасында жеңіл салмақтағы спортшылар – Артём Матусевич.

    Ертең, 19 қазанда тағы финалдар болады. Биыл құрлықтағы 18 елден жиналған 232 ескек есу шебері жүлдеге таласып жатыр.

    Былтыр Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан 2 күміс, 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте жетінші орыннан көрінген.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *