• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Боксшылар шаршы алаңның шаңын қақты

    Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

    Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы:

    50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) — Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) — 0:5.

    55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) —0:5.

    60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Серік Теміржанов (Павлодар облысы) — 1:4.

    65 келі: Ертуған Зейнулинов (Алматы облысы) — Санатали Төлтаев (Манғыстау облысы) — 1:4.

    70 келі: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) — Фаррух Тохтасынов (Алматы қаласы) — 5:0.

    75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы) — Тимур Нұрсейітов (Астана). Екінші раундта Аққалықов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    80 келі: Ерасыл Жакпеков (Абай облысы) — Диас Молжігітов (Жамбыл облысы). Бірінші раундта Жакпеков техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түсті.

    85 келі: Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы) -Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қаласы) — 5:0.

    90 келі: Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) — Нұрмағамбет Юсупов (Қарағанды облысы) —  3:2.

    90 келіден аса салмақ: Нұрлан Сапарбай (Туркістан облысы) — Аслан Елдібайұлы (Қызылорда облысы). Қарсыласының бас тартуына байланысты Нұрлан Сапарбай жеңіске жетті.

    Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы:

    48 келі: Айгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) — Әнел Кұдайберген (Жетісу облысы) — 5:0.

    51 келі: Жазира Орақбаева (Алматы қаласы) — Анита Адишева (Қарағанды облысы) — 5:0.

    54 келі: Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы) -Элина Базарова (Шымкент қаласы) — 1:4.

    57 келі: Карина Ибрагимова (Ақмола облысы) -Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) — 5:0.

    60 келі: Римма Волосенко (Астана қаласы) — Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы) — 4:1.

    65 келі: Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы) — Лаура Есенгелді (Шымкент қаласы) — 1:4.

    70 келі: Мәдина Нұршаева (Шымкент қаласы) — Бақыт Сейдиш (Алматы қаласы) — 3:2.

    75 келі: Валентина Хальзова (Астана қаласы) — Мария Сидоренко (Жетысу облысы) — 5:0.

    80 келі: Надежда Рябец (Қостанай облысы) — Анастасия Рылина (Қостанай облысы). Бірінші раундта Надежда техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    80 келіден аса салмақ: Валерия Аксенова (Ақмола облысы) — Әсел Тоқтасын (Алматы қаласы) — 4:1.

    Қарағанды облысының атынан шаршы алаңға шыққан Сабыржан Аққалықов Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы үздік боксшысы атанды. Ал Алматы қаласының өкілі Жазира Орақбаева Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы үздік боксшысы болды.

    Арман Бүркітбаев ел чемпионатының үздік төрешісі атағын алды.

    Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы көш бастаса, Алматы қаласы екінші орынға, Шымкент қаласы үшінші орынға ие болды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *