Ақтау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында ауданымыздың мақтанышы Рауан Ғазизов жақсы нәтиже көрсетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған додада жас балуан Ерейментау ауданының абыройын асқақтатты. Чемпионатта ол алты рет бозкілемге шығып, соның бесеуінде жеңіске жетіп, тек бір белдесуде ғана жеңіліс тапты. Рауан финалда Қызылорда облысының балуанымен күш сынасты. Тартысқа толы белдесулер жас спортшының жарысқа дайындығын, табандылығын және жеңіске деген жігерін ...
Read More »Қазақстан чемпионаты
Түркістанда Қазақстан чемпионатына 1052 шахматшы қатысып жатыр
Түркістан қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Дүбірлі сынға еліміздің барлық өңірінен 1052 спортшы тіркеліп, сынға түсіп жатыр. Чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. – Қасиетті Түркістан қаласына қош келідіңіздер! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде зияткерлік спорт түрлерін, оның ішінде шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ...
Read More »Шымкентте қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді
Шымкент қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Ұлттық спортты ұлықтаған айтулы дода «Жеңілатлетикалық манеж» спорт кешенінде болып, елдің түкпір-түкпірінен жиналған балуандардың басын қосты. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбек, Qazaq ...
Read More »Боксшылар шаршы алаңның шаңын қақты
Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады. Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы: 50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) — Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) — 0:5. 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) —0:5. 60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Серік Теміржанов ...
Read More »«Қызыл-Жар» клубы айыппұл арқалады
Қазақстан футбол федерациясы тергеуге көмектесуден бас тартқан «Қызыл-Жар» футбол клубын жазалау туралы шешім қабылдады. Тергеу шілде айында Түркістан қаласында «Қызыл-Жар» мен «Тұран» клубтарының ойынына байланысты болып отыр. ҚФФ-ға матч алдын ала келісіп қойылған болуы мүмкін деген күдік тудырған. -Осыған орай Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтіп, «Тұран» клубымен матчқа байланысты қызметтік тергеу ісіне көмектесуден бас тартып, ...
Read More »Теннисші қыз-жігіттер Қазақстан чемпионы атанды
Астана қаласында теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпиондары мен жарыстың жүлдегерлері анықталды. Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева еш талассыз ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Одан кейін қола медальді Іңкәр Дүйсебай Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіп, иеленді. Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы Әмір Омарханов ...
Read More »Алматы облысында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалау көтерді
Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXIV жазғы чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы. Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен үздік атлеттер қатысуда. Жарыстың бірінші күні мына спортшылар чемпион атанды. Спорттық жүріс — 20 000 м, әйелдер Эльмира Калимуллина (Алматы) Айман Ратова (Жетісу облысы) Балға лақтыру, ерлер Алдияр Қайроллаев (ШҚО) Максим Торлопов (ШҚО) Алексей Владимиров ...
Read More »Үш тұлғаға арналған ескерткіш тақта
Қазақ спортында аттары айшықты тұлғалардың арасында Тимур Қамалұлы Досымбетов, Эдуард Фердинандович Айрих пен Қазбек Дәулетбекұлы Байболовтардың есімдері ерекше айтылады. Бұл үш азаматтың Қазақстан спортының дамуына өз салалары бойынша салып кеткен сара жолын жас ұрпақ ұмытпас деп білеміз. Айтулы үш тұлғаның қол астынан тәрбие алған жүздеген спортшылар еліміздің көк байрағын әлемдік ареналарда абыроймен желбіретіп, жеңіс биігінен көрініп келеді. Мысалы, Қазбек Дәулетбекұлы ...
Read More »Астаналық гимнастар Қазақстан чемпионы атанды
Астанада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жекелей көпсайыста Астана қаласының тұрғыны Айым Мейіржанова ел чемпионы атағын жеңіп алды. Екінші орынды да Астананың спортшысы Эрика Жайлауова иеленді. Үздік орынға Шымкенттен келген Милана Парфилова ие болды. Топтық жаттығуларда астаналық гимнастар үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының өкілдері иеленсе, үшінші орын Солтүстік Қазақстан облысына бұйырды. Командалық есепте Астана ...
Read More »Азиада чемпионы Сергей Емельянов пен Руфина Исакаова жеңімпаз атанды
Түркістан қаласында каноэ мен байдаркада ескек есуден көктемгі Қазақстан чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бүгін еліміздің таңдаулы спортшылары жұптық және командалық сайыста кезекті жүлдені сарапқа салды. Бүгінгі нәтиже мынадай: Байдарка, микст 2 адам (500 м): Артём Терещенко, Ольга Шмелёва Сергей Токарницкий, Ирина Подойникова Кирилл Тубаев, Татьяна Токарницкая Каноэ, микст 2 адам ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары