Астана қаласында теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпиондары мен жарыстың жүлдегерлері анықталды.
Әйелдер арасында осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева еш талассыз ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда чемпионаттың үшінші ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықованы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңді.
Одан кейін қола медальді Іңкәр Дүйсебай Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіп, иеленді.
Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы Әмір Омарханов Теміртау теннис мектебінің өкілі Григорий Ломакинмен ойнап, оны бірінші сетте 6:1 есебімен жеңді. Осы арада Ломакин арқа жарақатының мазалап жатқанын айтып, жарысты жалғастыра алмады.
Осылайша, Әмір Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы атанды. Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды. Оның қарсыласы Тимур Мауленов денсаулығына байланысты кортқа шықпады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА