• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Qazaq Kuresi Ассоциациясы

    Шымкентте қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді

    Шымкент қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады  Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі.

    Ұлттық спортты ұлықтаған айтулы дода «Жеңілатлетикалық манеж» спорт кешенінде болып, елдің түкпір-түкпірінен жиналған балуандардың басын қосты.

    Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбек, Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов пен Шымкент қаласы Qazaq Kuresi федерациясының президенті Асхат Әбдіжәмилұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Іс-шарада Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Әсенғазыұлы қазақ күресінің көрнекті өкілі Айдос Ғалымовқа қазақ күресі спорт түрінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағының төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

    Айдос Қайратұлы – қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы және үш дүркін Қазақстан чемпионы.

    Айта кетейік, ұлттық спорттың абыройын асқақтатқан жарыстың бас демеушілері – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.

    Биылғы Қазақстан чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және 17 өңірден келген 500-ге жуық балуан қатысты. Спортшылар 16 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 8) белдесіп, бірнеше күнге созылған тартысты жарыста өзара мықтыны анықтады.

    Бірінші жарыс күні

    Алғашқы жарыс күні ерлер арасында 90, 100 және 100 келілен аса салмақ дәрежелерінде чемпиондар белгілі болды. 90 келіде Қызылорда облысының өкілі Еңбек Сақтағанов топ жарса, 100 келіде Жамбыл облысынан Қазбек Рақышев, ал 100 келіден аса салмақта Маңғыстау облысының балуаны Нұрдәулет Жарылғапов чемпион атанды.

    Екінші жарыс күні

    Екінші күні ерлер арасында 66, 74 және 82 келі салмақ дәрежелерінде, әйелдер арасында 56, 60 және 65 келі салмақтарында белдесулер болды. Бұл күні де бірнеше өңірдің балуандары жүлдегерлер қатарынан көрініп, жарыстың тартысты сипатын көрсетті.

    Үшінші жарыс күні

    Үшінші жарыс күні ерлер 55 және 60 келі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ түйе балуан санатында сынға түсті. Түйе балуан санатында Шымкент қаласының өкілі Нұрсұлтан Қожагелдіұлы жеңіске жетті. Әйелдер арасында 48 және 52 келі салмақ дәрежелерінің чемпиондары анықталды.

    Жалпыкомандалық нәтиже

    Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:

    І орын – Шымкент қаласы (237 ұпай),

    ІІ орын – Жамбыл облысы (225 ұпай),

    ІІІ орын – Абай облысы (200 ұпай) иеленді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *