Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты.
Бұл жұп финалда швейцариялық Анри Берно мен чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті.
Есеп — 3:6, 6:1, 10:1.
Orange Bowl жыл сайын Плантейшенде өткізіледі. Жарыс жасөспірімдер арасында ресми емес әлем чемпионаты болып есептеледі. Матчтар жасыл топырақ төсенішінде ашық корттарда ойналады.