• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға шықты

    Аустралияда теннистен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Australian Open турнирінде Әмір Омарханов ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан  теннис федерациясы.

    Әмір Омарханов ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға жолдама алды. Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңді. Корей теннисшісі тізімде 26-орында тұрса, Омарханов 27-орында.

    Матчқа келсек, отандасымыз бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал екіншісінде Ким есе қайтарды.

    Үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп 6:0 болды.

    Матч бір сағат жарымнан астам уақытқа созылды.

    Енді Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.

    Қарағанды теннис мектебінің түлегі ½ финалда кортқа мықты қарсыласпен шығады. Дегенмен оны да жеңуге күші жетуі тиіс.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *