Көкпар VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының шыңырау шегі еді, деп тақымымызды қысып, жанымызды шүберекке түйіп финалды күттік.
Басқа ойындардан көкпардың шоқтығы биік екені анық еді. Ұлттық спортымыздың ішіндегі көкпар орны айрықша екені де рас. Ал финалдағы біздің жігіттердің сүреңсіз көкпарын көріп, әбден қапа болдық. Көздерінде от, жеңіске деген жігер, білекте күш не шеберлік жоқ қандай құраманы алып барғанын білмедік. Әсіресе, тіпті аттан иіліп көкпарды жерден ала алмайтындары масқара ғой. Сосын қарсыластардың жылдам жұлып алып оза шапқан аттарын қақпалауда біздің жігіттердің шабан қимылдаған қателіктерін тіпті кешіру мүмкін емес.
Біз төрешінің кінәсінен бір ойыншымен кем қалдық. Соның кесірі осылай болды, деп енді ақталудың еш қажеті жоқ.
Жалпы, ойын барысын сараптап, саралап қорытындылай айтқанда Қазақстан таза жеңілді.
Көкпар мен көкбөрі ойындарының нәтижесінің өзі үрей шақырады. 12:0, 7:2 деген есептің өзі біздің құраманың қаншалықты нашар ойын көрсеткендігінің нақты дәлелі емес пе!
«Ел алдындағы май жұтады», демекші қырғыздар бұлжолғы көкпарда сөзсізмай жұтты десе болады.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары