• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Әлем кубогы

    Гимнасшылар Мұсабаев пен Әлиев Әлем кубогының күміс иегері атанды

    Әзербайжанның Баку қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Данил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев күміс медаль иеленді, деп хабарлады olympic.kz. Олар финалда 50 520 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Алтын медальді Қытай спортшылары (51.090), қола жүлдені АҚШ құрамасы жеңіп алды. Әлем кубогы кезеңдерінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынатын рейтингілік ұпайлар сарапқа салынады.  

    Read More »

    Гимнасшы Нариман Курбанов Әлем кубогының иегері атанды

    Гимнасшы Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы өзінің оң жамбасына келетін ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермеді. Финалда ол 15 433 балл алды. Іріктеуде Нариман Курбанов 15 600 ұпай жинап, көш басына шыққан еді. Нариман Курбанов былтыр осы Котбустағы кезеңде ...

    Read More »

    Денис Никиша Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

    Бүгін Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді. Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.  

    Read More »

    Әділ Ғалиахметов – шорт-тректен Әлем кубогының қола жүлдегері!

    Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогының бесінші кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жарыстың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, одан басқа тағы бір отандасымыз Денис Никиша жарыста 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келгенімен, жүлдесіз қалды. Ол қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін жазаланып, алтын медальден айрылды. Алтын мен ...

    Read More »

    Странджа кубогы: Дулат Бекбауов жеңімпаз атанды (ВИДЕО)

    Бокстан ұлттық құрама команданың боксшылары Болгарияның астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін болған халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды. Финалда 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов үнді былғары қолғап иесі Раджатты жеңіп, кубоктың иегері атанды. Әлем чемпионы Санжар Ташкенбай (51 кг) Үндістанның өкілі  Амитке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) өз салмағында үздік үштікті ...

    Read More »

    Конькишілер Әлем кубогында тарихи нәтиже көрсетті

    Осы демалыс күндері конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Канада мен Жапонияда өткен Әлем кубогы кезеңдерінде тарихи нәтиже көрсетті. Еліміздің қоржынына екі алтын, үш күміс, алты қола медаль түсіп, спортшыларымыз әлемдік рейтингте көш бастады. 2-4 ақпанда Канаданың Квебек қаласында ересектер арасында өткен Әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте бақ сынап, еліміздің тарихында тұңғыш рет қола жүлдеге ие болды. Команда құрамында тәжірибелі ...

    Read More »

    Аустралияда велоспорттан Ұлттар кубогы басталды

    Бүгін Аустралияның Аделаида қаласында тректегі велоспорттан Ұлттар кубогы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Қазақстан сапынан үш спортшы сынға түседі. Олар — Рамис Дінмұхаметов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай. Әлемдік додаға 49 елден 291 спортшы қатысады. Жарыс екі күн болады. Оған ұлттық құраманы ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Иван Сиваш бастап барды.

    Read More »

    Конькишілер Жапонияда екі медаль алды

    Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңі болып жатыр. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, оған қатысып жатқан екі спортшымыз жүлдені жеңіп алды. 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Маргарита Артемьева мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова финишке үшінші болып жетіп, қола медальді иеленді. Тағы бір спортшымыз Алена Лифатова төртінші орынды қанағат тұтты. ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Никита Чирюкин — тапаншамен атудан күміс жүлдегер!

    Мысырдың астанасы – Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы жолындағы турнирде 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин күміс жүлдеге ие болды. Ол 31 ұпай жинады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста бас жүлдені Жапонияның өкілі Жонг-Хо Сонг 37 ұпай жинап, жеңіп алды. Үшінші орынды 27 ұпай алған франциялық Флориан Петер иеленді. 21 ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Әлем кубогына елімізден 15 мерген барады

    Нысана көздеуден еліміздің ұлттық құрамасы 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысырдың астанасы — Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Бұл жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар винтовкамен нысананы көздеушілер — Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле. ...

    Read More »