• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Халықаралық таеквондо федерациясы

    Таеквондодан Әлем кубогы: Қазақстан құрамасы қола жүлде алды

    Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Жүлде үшін жекпе-жекте отандастарымыз Марокко спортшыларынан 2:1 есебімен басым түсті. Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті.

    Іріктеуде Қазақстан Үндістанды жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, ерлер командасы жылдың соңында болатын Әлем кубогына жолдама алды.

    Енді ертең әйелдер арасындағы командалық сайыс болады. Қазақстан спортшыларының  алғашқы қарсыласы – қытай таеквондошылары.

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *