• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    World Boxing: Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды

    Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Барлығы 30 елден 300-ге жуық боксшы сынға түскен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16 салмақта құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді. Енді финалдық кезең 15-22 қараша аралығында Үндістанда болады.

    Ерлер құрамасы – 5 алтын,  1 күміс, 2 қола медаль.

    Әйелдер құрамасы – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде.

    Жалпы есеп:

    1.Қазақстан – 8 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль.

    1. Бразилия – 4, 2, 1
    2. Үндістан – 3, 5, 3
    3. Австралия – 1, 1, 1
    4. Өзбекстан – 1, 4
    5. Франция – 1, 3
    6. Финляндия – 1
    7. Норвегия – 1

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *