• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Астана қаласының әкімдігі

    Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады

    Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

    Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді отандасымыз ертең қара фигурада ойнайды, — делінген хабарламада.

    Бұл турнир 2021 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.  Кезінде турнирде ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова тіркеген. Ол 2021 жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Александра Горячкинадан жеңілген болатын.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *