• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Садақшылар Түркиядағы Әлем кубогының финалына шықты

    Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адел Жексенбинова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Әлем кубогның финалына шықты, деп хабарлады olympic.kz.

    Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтын жүлдеге таласады.

    Турнирде Қазақстан құрамасы Бразилия, Словения мен Италияның садақшыларын жеңді.

    Енді ел құрамасы финалда Ұлыбритания командасымен кездеседі.

    Бұл сайыс 22 маусымға жоспарланған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *