Теннистен Германияның астанасы – Берлин қаласында өтіп жатқан Berlin Ladies Open WTA 500 турнирінде әлемнің 4-ракеткасы, еліміздің үздік теннсишісі Елена Рыбакина жарыс жолынан шығып қалды. Ол турнирді 1/4 финалда аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ширек финалда отандасымыз Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен ойнап, бірінші сетте (1:3) өзін жайсыз сезінуіне байланысты жарыстан шығатынын айтты. Ол ойынды ары қарай жалғастыра алмады.
Рыбакина Berlin Ladies Open WTA 500 турнирін жақсы бастаған еді. Ол жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, дүниежүзілік рейтингіде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен ойнады. Осыған дейін теннисшілер өзара төрт рет кездесіп, соның бәрінде Рыбакинаның жеңісімен аяқталған болатын. Бұл матчта да Рыбакина қарсыласын жеңген.