• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады (ВИДЕО)

    Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады.

    Елдос Сайдалин жаттықтыратын құрама команда Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде.

    Бұл жерде дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін болады. Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.

    Қазақстан әйелдер командасы Олимпиялық ойындарға үш лицензияны жеңіп алды. Бокстан лицензия басқа спорт түрлері сияқты құраманың басқа спортшысына таңдап берілмейді. Ол атаулы жолдама болып саналады. Яғни, жарыста лицензияны жеңіп алған боксшының өзіне ғана беріледі.

    Биылғы Олимпиадаға жолдамаға Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *