Кеше футболдан Қазақстан командасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қоштасып жатып, қазақ футболының басты проблемасын айтты.
Оның айтуынша, басты проблема қазақ жігіттерінің премьер-лигада ойнамауы. Осы жағдай футболшыны қатты қынжылтады.
Мені осы нәрсе қатты қынжылтады. Жаңадан келген басшылар бірнеше жылда барлық олқылықтың орнын толтырып, заң жүзінде реттейді деп сенемін. Президентіміз де стадиондар салып, жастарға қолдау көрсетіп жатыр. Сапалы алаңдар болса, жақсы футболшылар шығады деп ойлаймын, — деді ол.
Сонымен бірге ол Өзбекстан құрамасы үшін қуанатынын, оның әлем чемпионатына жоллама алуы үлкен жетістік екенін атап өтті.
Мен кезінде Тимур Кападземен бірге ойнағанмын. Бауырлас елдің жетістігін біз де жалғастырамыз деп үміттенемін, – деді Қостанайдың «Тобыл» клубының жартылай қорғаушы.
Еске салып өтсек, кеше ол ұлттық құрамамен қоштасатынын, елімізідң бас командасында 10 жылдан астам уақыт доп тепкенін, енді орнын жастарға беретінін айтқан еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА