• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан ұлттық құрамасы

    Магомед Адиев — «Ахмат» футбол клубының бас жаттықтырушысы

    Футболдан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Ресейдің Шешен Республикасының астанасы Грозный қаласының «Ахмат» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Ол Ахмат Ромащенконы алмастырды. Бұл мәлімет ресейлік клубтың сайтында шықты. Бүгін, 5 сәуірде «Ахмат» футбол клубының жалпыкомандалық жиыны болды. Осы кездесуде клубтың президенті Магомед Даудов команданың жаңа бас жаттықтырушысы – Магомед Адиевті таныстырды, — делінген материалда. Магомед ...

    Read More »

    Қиын топқа түстік – Магомед Адиев

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Францияның Париж қаласында өткен 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесінде қиын топқа түскенін мойындады. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Олар үшінші топта ойнайды. Бас жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады. ...

    Read More »

    ЕУРО-2024 іріктеу турнирі: Қазақстан құрамасы Даниядан жеңілді (ВИДЕО)

    Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің жетінші ойынын сырт алаңда Дания құрамасымен өткізді. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Алғашқы таймда Дания құрамасы аса қатты басымдыққ ие болмады. Алайда үзіліске дейін екі гол соқты. Ең алдымен Джонас Винд есеп ашса, әрі қарай Роберт Сков есепті еселей түсті. Екінші таймның басында тағы да Роберт Сков көзге түсіп, есепті ұлғайта түсті. Көп ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде топ-100 команданың қатарына кірді

    Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингінде жоғарылады. Жаңа рейтинг 21 қыркүйекте шықты, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді: алғашқы кездесуде Финляндияға есе жіберсе (0:1), екінші ойында ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасын 1:0 есебіпен жеңді. ФИФА рейтингі. 21 қыркүйек 2023 жыл: Жақшада ұлттық құрама команданың осы кезге ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: Қазақстанның тағы үш балуаны жүлде алды

    Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды. 12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында жалауын көтерген Азия чемпионатының екінші күні әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті. Азия чемпионатында Сания Солтанғали (39 кг) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 кг) финалда қарсыластарына есе жіберіп, ...

    Read More »

    418 млн теңге: хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп жалақы алатындар аталды

    Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне енді. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады. Дереккөз мәліметінше, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге. Ал Джесси Блэкер («Автомобилист») пен Никита Михайлис («Барыс») жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады. Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі мынадай: Кертис Волк («Автомобилист») ...

    Read More »

    Әлем кубогы: жеті боксшы жеңіп, жетеуі жеңілді

    Германияның Кельн қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирдің екінші күні Қазақстан құрама командасының жеті боксшысы келесі айналымға шығып, жетеуі қарсыластарына есе жіберді. Ерлер арасында жартылай финалға Кенже Мұратұлы (51 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұржан Амангелді (71 кг) мен Нұрлан Сапарбай (+92 кг) шықты. Ал Қайрат Ернұр (51 кг), Сұлтан Мусинов (63,5 кг), Армат Арманұлы ...

    Read More »

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...

    Read More »

    Ұлттық құрама тағы ұпайсыз қалды

    Бүгін «Астана-Арена» стадионында футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндия командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл кездесуде Суоми елінің сайыпқырандары өте сауатты ойын өрнегін көрсетіп, алаң иелеріне гол соғуды былай тұрмақ, қауіпті жағдай жасаудың өзіне ешқандай мүмкіндік бермеді. Олар ойынның бірінші минутынан бастап, допқа өздері иелік етіп,  біздің құрама команданы жүгіртіп шаршатуға тырысты. Финдер ...

    Read More »