Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.
Дархан Асаділов кәсіби спортта айтулы жетістікке жеткен. Бұл қатарда Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлдені, әлем чемпионатының күміс медалі (2008) мен қола жүлдесін (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтын медалін атап айтуға болады. Сондай-ақ ол — спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.
Айта кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебі мен Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.
Дархан Асаділов — қазақ каратэсін жаңа деңгейге көтерген бірегей спортшы. Алдағы қызметте отандасымыз өзінің тәжірибесін спортшыларға көрсетіп, даярлауға жұмсайтынына сенімдіміз.
Асаділов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарыс мамырдың аяғында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты болады.
Бас жаттықтырушының алдағы мақсаты — ұлттық құраманың жаттықтырушылар қосынын жасақтау, келесі жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, жақсы нәтиже көрсету.