• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Нысана көздеу

    Стенд атудан Азия чемпионатына қатысатын құрама анықталды

    12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты болады. Онда Париж Олимпиадасына берілетін 8 жолдама үлестіріледі. Чемпионат лицензиялық жарыс болған соң, оған көп мемлекет қатысуға ниет білдіріп отыр. Туризм және спорт министрілгінің мәліметіне қарағанда, биылғы додаға 40 елден 500-ге жуық спортшы қатысады. Ал Қазақстанның намысын жарыста 18 мерген қорғайды.Олардың арасында жазғы Азия ойындары, Әлем кубогында үздік нәтиже жүрген Әсем Орынбай, Зоя ...

    Read More »

    Спорттық ату федерациясы Олимпиадаға дайындықты таныстырды

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спорттық ату федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады ведомство. Жиында оқ ату және стендтік ату өкілдері спортшыларымыздың соңғы ірі халықаралық турнирлердегі жарысын қорытындылап, Париж Олимпиадасына дайындық жоспарын таныстырды. Қытайдағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы стендтік ату бойынша – 2 алтын және 3 қола, оқ ату бойынша – 1 алтын, 2 күміс және 2 ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Әсем Орынбай — Әлем кубогының иегері!

    Әсем Орынбай Катардың астанасы – Доха қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасында финалға шығып, 51 балл жинады. Кьяра Ди Марциантонио (Италия) 50 нысананы дәл көздеп күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Дания Джо Вицциге (АҚШ) бұйырды. ...

    Read More »

    Қазақстаннан Азиадаға барған егіз спортшылар күміс жүлдегер болды

    Бүгін Қытайда өтіп жатқан Азиадада 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Зухра Ирназарова Азиада чемпионы атанды. Ол сондай-ақ  командалық сында өзінің егізі Фатима Ирназаровамен және Александра Садуақасовамен бірге күміс жүлдегер болды. Биылғы Азиадада бірінші рет егіз спортшылар құрмет тұғырына көтерілді. Басқа елдерден егіз спортшылардың жарыстарға қатысып жатқаны бізге белгісіз. Ал Зухра мен Фатиманың бірге ...

    Read More »

    Зухра Иранзарова нысананы көздеуден Азиада чемпионы атанды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында Зухра Иранзарова нысананы көздеуден Азиада чемпионы атанды. 18 жастағы Зухара Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озды. Бұл бағдарламада күміс пен қола Солтүстік Корея өкілі – Джие Ри мен Оксим Пэктің еншісінде кетті. Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Фатима Иранзарова алтыншы, Александра Сәдуақасова жетінші орын алды. Осылайша, Қазақстан ...

    Read More »

    XIX Азиада: Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс жүлде түсті

    Ханчжоу қаласынан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс күміс медаль түскені туралы хабар келді. Бұл жүлдені құрамында Бақтияр Ыбыраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов бар Қазақстан командасы 10 метрден қозғалмалы нысананы көздеуден алды. Олар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстан командасы  1111 балл жинады. Бірінші орынды Оңтүстік Кореяның мергендері 1116 санап алып, иеленді. Үшінші орынға 1098 ұпаймен Индонезияның спортшылар  ие ...

    Read More »

    XIX Азия ойындары: Қазақстанның мергендері қола жүлде алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысы аяқталды. Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орынды иеленді. Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді. Еске сала кетсек, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын. Одан бұрын дзюдошылар  Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта ...

    Read More »

    Нысана көздеуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы алтын медаль алды

    Әзербайжанның Баку қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, ауыспалы ритммен 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде бас жүлде үшін талас соңғы сәтке дейін болды. Негізгі кезеңде 378 ұпаймен тең түскен Зухра Ирназарова мен Александра Сәдуақасова екеуара алтын медальді сарапқа салды. Мұнда Александра Сәдуақасова мергендік танытып ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Арина Алтухова əлем чемпионатында күміс жүлде алды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бүгін нысана көздеуден ұлттық құраманың спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады. Бұл жаттығуда швейцариялық Вивьен Джой Джегги әлем чемпионы болды. Ол Арина Алтуховадан 1,6 ...

    Read More »

    Нысана көздеуші Александра Ле Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Бүгін Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Александра Ле қола медальге ие болды. Ол әйелдер арасында10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан 261.2 ұпай жинады. Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Оған елімізден 18 спортшы қатысуда. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады. Жарыс Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында болып жатыр.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ...

    Read More »