• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Шамкен Байырбек

    Нысана көздеуден Қазақстан рекорды жаңарды

    Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасында (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар арасы) өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады. Екінші сатыға ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) жайғасып, айтарлықтай қарсылық көрсетті.

    Бұл бағдарламадағы жассөспірімдер мен ересектер арасындағы осыған дейінгі еліміздің үздік көрсеткішін Елизавета Безрукова (630.9 ұпай) тіркеген.

    Мергендердің ел чемпионаты 16 наурызда аяқталады. Биыл жарысқа 10 өңірден 163 спортшы жиналды. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *