Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте Азия чемпионы атанды.
Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.
Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ шықты. Үшінші орынды оңтүстіккореялық Пак Хаджун иеленді. Ол 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА