• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан жарысты қысқы және жазғы спорттан жақсы бастады

    Польшаның Щирк қаласындағы шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі спортшыларымызға олжалы болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    К-95 трамплинінде сынға түскен Данил Васильев топ жарса, Илья Мизерных күміс медальға ие болды.

    1. Данил Васильев – 277 ұпай
    2. Илья Мизерных – 269
    3. Клеменс Сташель – 259,5
    4. Сабыржан Муминов – 253
    5. Сергей Ткаченко – 246,5

    16.Святослав Назаренко – 228,5 балл.

    Осы күндері Үндістанның Ахмедабад қаласында ерлер және әйелдер командалары арасында су добынан Азия чемпионатының болып жатыр. Сарықұрлық жарысының екінші күні Қазақстан ватерполшылары алғашқы матчта турнирдің басты фавориті саналатын Жапония құрамасымен ойнап, 14:12 есебімен жеңіске жетті.

    Қазақстан ерлер құрамасының құрамы:

    Телмирлан Балфанбаев (қақпашы), Эдуард Цой, Юлиан Вердеш, Әділ Балтабекұлы, Максим Ламаев, Алексей Шмидер, Мұрат Шәкенов, Игорь Недоконцев, Руслан Ахметов, Алдияр Әкімбай, Сұлтан Шонжігітов (капитан), Даниил Матолинец (қақпашы), Мстислав Бобровский.

    Бас жаттықтырушы – Дамир Темірханов.

    Ерлер турниріне 9 команда тіркелді:

    А тобы: Қытай, Гонконг, Иран, Өзбекстан

    В тобы: Қазақстан, Үндістан, Жапония, Таиланд, Сингапур.

    Қазақстан командасы келесі ойынын ертең, астана уақытымен сағат 13:30-да, турнир иелері Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *